«Импакт-факторлы журналдарға жарияланатын зерттеу тақырыптарын таңдау» тақырыбындағы PhD докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған вебинар
2020 жылдың 19 мамырында Creotalents жоба командасы Creative Spark бағдарламасының аясында «Импакт-факторлы журналдарға жарияланатын зерттеу тақырыптарын таңдау» тақырыбында докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған вебинар өткізді.
Вебинарларға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Камбоджа және Үндістан елдерінен 25 адам қатысты.
Вебинар сұрақтары:
– Зерттеу үшін креативті және инновациялық тақырыптарды қалай таңдауға болады?
– Зерттеу тақырыптарын импакт-факторлы журналдарда жарияланатын мақалаға қалай айналдырамыз?
– Орталық Азиямен байланысты мақалаларды қалай жариялау керек?
Вебинаров модераторы – Оксфорд Брукс университетінің профессоры, Service Industries Journal журналының бас редакторы, Левент Алтынай. Вебинар кезінде қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, кеңес сұрады, шетелдік ресурстарға көптеген ақпараттар мен сілтемелер алды.
Вебинар бейне жазбасы