«Импакт-факторлы журналдарға сапалы мақала жазу» тақырыбындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған вебинар
2020 жылдың 15 мамырында Creotalents жоба командасы Creative Spark бағдарламасының аясында «Импакт-факторлы журналдарға сапалы мақала жазу» тақырыбында докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған вебинар өткізді.
Вебинарға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Камбоджа елдерінен 20-дан астам адам қатысты.
Вебинар тақырыптары:
– Зерттеу идеяларын генерациялау және дамыту;
– Бизнес, менеджмент және басқа да әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістері.
– Зерттеу нәтижелерінен жақсы тұжырымдалған мақалаларды әзірлеу.
Вебинаров модераторы – Оксфорд Брукс университетінің профессоры, Service Industries Journal журналының бас редакторы, Левент Алтынай. Вебинар кезінде қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, кеңес сұрады, шетелдік ресурстарға көптеген ақпараттар мен сілтемелер алды.