Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ CACTLE орталығы Британдық Кеңестің Big Idea Challenge атты байқауы бойынша командаларға тренинг жүргізуде
Бұл тренинг креативті бизнес идеяны анықтауға және Big Idea Challenge байқауына сапалы бейне баян дайындауға бағытталған. Байқауға 3 санат бойынша қатысуға болады:
- Сандық технологиялар
- Әлеуметтік әсер
- Креатив және мәдениет саласы
Командалармен тек бизнес идеяларды анықтау ғана емес, сондай-ақ осы бизнес идеяларды іске асырудың бірегейлігі мен қажеттілігі неде, бұл идея іс жүзінде қалай іске асырылады, болашақ бизнестің негізгі тұтынушысы кім болып табылады және идея қалай ақша алып келе алады деген сұрақтар да талқыланды.
Сонымен қатар, тренингте байқаудың критерийлері: бейне тілі мен ұзақтығы, түсіру шарттары, редакциялау, авторлық құқық және т.б. түсіндірілді.
Еске сала кетсек, Британдық Кеңестің Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан және Қазақстанда Creative Spark бағдарламасы аясында өтетін Big Idea Challenge байқауы жастарға өз бизнесінің апргрейдін бастауға немесе жасауға мүмкіндік береді.
Жеңімпаз келесі керемет мүмкіндіктерге ие болады:
- Вебсайтты әзірлеу
- Ұлыбританияда Лондон қ. тағылымдама және бизнес менторлар
- 25 000 фунт стерлинг қаржыландыру.