BIG Idea Challenge 2020 байқауына дайындық
Creotalents жобасының командасы Creative Spark бағдарламасы аясында студенттер, жас кәсіпкерлер мен StartUp үшін BIG Idea Challenge 2020 Британдық Кеңесінің халықаралық байқауына дайындық бойынша онлайн вебинарлар мен консультациялар өткізді.
Екі ай бойы (наурыз – сәуір) біз байқауға қатысу үшін үш санат бойынша қатысушыларды дайындадық: әлеуметтік әсер, шығармашылық және сандық технологиялар.
Нәтижесінде сұранысқа ие және өзекті бағыттар бойынша 13 жоба әзірленді: ауыл шаруашылығы, білім беру, экология, спорт, медицина және IT.
Сайыскерлер іріктеудің бірінші кезеңінен сәтті өтті, енді оларды Лондондағы іріктеу кезеңі күтіп тұр.
Біздің қатысушыларымызды қолдайық! Барлығына сәттілік тілейміз!