Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде Британдық Кеңес Creative Spark бағдарламасының мониторингі
30-31 мамыр 2019 ж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Британдық Кеңес қаржыландыратын Creative Spark бағдарламасы Creotalents жобасының мониторингі өтті.
Мониторингтің мақсаты Орталық Азия және Кавказ елдерінде (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия және Украина) Creative Spark бағдарламасының іске асырылуын, сондай-ақ серіктестердің алдында туындайтын мәселелер мен мүмкіндіктерді, бағдарламаның бірінші жылындағы нәтижелерін бағалау болып табылады.
Мониторинг IFF Research компаниясының бас сарапшысы, ғылыми жетекшісі Даниэль Саламонс (Ұлыбритания), Қазақстандағы Британдық Кеңестің Creative Spark бағдарламасының үйлестірушісі Айтжамал Мансурова және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де жобаның үйлестірушісі, CACTLE кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Армияш Нұрмағамбетованың қатысуымен өтті.
Екі күндік мониторинг бағдарламасында университет басшылығымен сұхбат жүргізілді, оған бірінші проректор Асемгуль Молдажанова, Сәулет-құрылыс факультетінің деканы Серіктай Баймұханов, Ақпараттық технологиялар факультеті деканының орынбасары Алма Закирова, Сәулет кафедрасының меңгерушісі Сара Сыдықова және дизайн және инженерлік графика кафедрасының меңгерушісі Әуез Байдабеков қатысты.
Сонымен қатар, мониторинг Бирмингем университеті, Оксфорд Брукс Университеті және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ арасындағы әріптестік қарым-қатынасты зерттеуге бағытталған.
Мониторинг аясында келесідей сұхбаттар өткізілді:
- 2019 жылдың ақпан айында «Өз креативті бизнесінді баста және дамыт» атты тренингтерінен өткен АСФ және АТФ факультетінің студенттерімен;
- «Research Training» курсы бойынша оқудан өткен PhD докторанттармен және жас оқытушылармен;
- Нұр-Сұлтан қаласындағы жобаның қауымдастырылған серіктестерімен: «Атамекен» ҰКП, «KazFranch» Қазақстан франчайзинг қауымдастығы, «Даму Қоры» АҚ, Еуразиялық мәдени альянс, Urban Astana.
Бұл кездесулер бенефициарлардың алған білімдері мен дағдыларына қанағаттану дәрежесін талқылауға бағытталды.
Мониторинг нәтижелері Орталық Азия мен Кавказ елдерінде креативті экономика мен креативті индустрияның тұрақты дамуына Creative Spark бағдарламасының әсерін күшейтуге, шығармашылық индустрияның мемлекеттік және қоғамдық ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ мәдениетаралық және ұлтаралық байланыстар саласындағы әріптестікті нығайтуға ықпал ететін болады.