Колледж және университет оқытушыларына арналған «Оқытудың креативті әдістері» атты онлайн тренингі
Creotalents жобасының командасы Creative Spark бағдарламасы аясында 2020 жылдың 11-12 мамыр аралығында колледж және университет оқытушыларына арналған «Оқытудың креативті әдістері» атты онлайн тренинг ұйымдастырды. Тренинг Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетімен бірлесіп өткізілді.
Тренингке Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан) оқытушылары қатысты.
Тренинг кәсіби дағдыларды жетілдіруге, оқытудың тиімділігі мен сапасын арттыруға, сандық технологиялар мен креативті педагогикалық әдістерді қолдану дағдыларын жақсартуға бағытталған. Қарастырылған сұрақтар:
– Жаңа педагогикалық, интерактивті және сандық технологиялар;
– Білім алушыларға бағытталған оқуға көшу;
– Сандық білім беру құралдары;
– Қашықтықтан оқытудың тиімділігі.
Тренингтерге үш елден 60 адам қатысты.
Тренинг модераторлары: PhD Нұрмағамбетова Армияш (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) және МВА Бокоева Айгерим (Ж. Баласағұн атындағы ҚҰУ).