Creotalents жобасы командасының Қазақстандағы мемлекеттік қоғамдық институттармен ынтымақтастығы
Creotalents жергілікті шығармашылық таланттарға бизнес әлемінде табысқа жетуге және олардың танылуы мен пайдасын барынша арттыруға мүмкіндік беру үшін Қазақстанның мемлекеттік мекемелерімен табысты ынтымақтастық жүргізуде.
Creative Spark бағдарламасының командасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» Қоры және Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (14-15 ақпан) сияқты мекемелермен бірқатар кездесулер өткізді. Астанада қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен кездесулер нәтижелі болды. «Атамекен» ҰКП мен «Даму» Қоры іс-шаралар өткізу үшін алаңдар ұсыну, шығармашылық адамдар арасында жобалық ақпаратты таратуға жәрдемдесу және барлық мүдделі тараптарды келесі кездесуге шақыру туралы келісті. «Даму» Қоры креативті индустрияда жұмыс істейтін адамдарды оқытуға, әлеуетті инвестициялар және бизнесті несиелеу мәселелері бойынша кеңес беруге белсенді қатысады.
Жоба тобы Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп, қаланың креативті индустрияны одан әрі дамыту стратегиясын пысықтауды, сондай-ақ Астана қ. бизнес-акселераторы негізінде іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығы сәуір айында Creative Spark бағдарламасы ұжымымен ынтымақтастық құруға үлкен қызығушылық танытты.