Профессор Левент Алтынаймен ғылыми дайындық
2019 жылдың 13 ақпанында Британдық Кеңес қаржыландыратын «Creative Spark: Higher Education Enterprise» бағдарламасының «Creotalents» жобасы аясында профессор Левент Алтынай (Оксфорд Брукс Университеті) PhD докторанттары мен жас зерттеуші-оқытушыларға «Ғылыми дайындық» атты семинарын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізді. Оқытудың мақсаты – сапалы зерттеу жүргізу мен жоғары рейтингті халықаралық журналдарда мақала жазу бойынша кеңес беру.
«The Service Industries Journal» (SSCI индекстелетін) журналының бас редакторы ретінде, профессор Левент Алтынай жас зерттеушілермен өзекті тақырыптарға инновациялық ғылыми мақалаларды жазу тәжірибесімен бөлісіп, зерттеудің маңызды функцияларын айтып, жарияланым жасауға ынталандыратын себептерді және т.б талқылады. Семинарда жеке, ұйымдастырушылық және ұлттық деңгейлерде саясатты әзірлеу және тәжірибені негіздеу үшін ғылыми-негізделген зерттеулерді пайдаланудың түрлі стратегиялары мен тәсілдері ұсынылды. Cондай-ақ, академиялық мақаланың құрылымы егжей-тегжейлі қарастырылды.