«Жібек Жолы бойындағы Инновациялар, Шығармашылық пен Кәсіпкерлік» Халықаралық Конференциясы
Нұр сұлтан, Қазақстан.
Жібек жолы ежелден бері Шығыс пен Батысты Қытайдан Жерорта теңізіне дейін жалғай отырып, Азия құрлығының аймақтары арқылы мәдени және экономикалық ынтымақтастықтың орталығы болып табылатын сауда жолдарының ежелгі желісі болып табылады. Жақында Жібек жолы бойында орналасқан елдердің (Қытай, Қазақстан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Үндістан және Ресейді қоса алғанда) қабылдаған бастамалардың арқасында Жібек жолы қазіргі заманғы бейбітшілікті қалыптастыру үшін әлеуеті бар сауда және мәдени алмасуға мүмкіндік бере алады деп күтілуде.
British Council Creative Spark бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылып жатқан аталмыш халықаралық конференцияға Жібек жолы бойындағы шығармашылық, инновация мен кәсіпкерліктің әлеуметтік-мәдени, экономикалық, саяси, экологиялық және технологиялық қиындықтары мен мәселелеріне арналған мақалаларды (көлемі-2 бет) қабылданады. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қытай, Үндістан, Ресей, Иран мен Түркияда, сонымен қатар басқа да елдерде осы бағыт бойынша аймақтық және елдік мәнде тұжырымдамалық және эмпирикалық зерттеулерге назар аударылады. Конференцияның мақсаты кәсіпкерлік, шығармашылық пен инновация саласындағы зерттеулерді, сондай-ақ Жібек жолы мен креативті индустриялар арасындағы диадикалық қарым-қатынастар мен өзара іс-қимылды тәжірибелі тұлғалар мен директивті органдардың көзқарасын ілгерілету болып табылады.
Конференцияға төмендегі бағыттар бойынша материалдар қабылданады, бірақ осы тақырыптармен шектелмейді:
- Әйелдер кәсіпкерлігі және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту
- Инклюзивті кәсіпкерлік
- Жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу
- Кәсіпкерліктің экожүйесі
- Стейкхолдерлердің креативті экожүйені басқаруы
- Кәсіпкерліктің әлеуметтік әсері
- Креативті индустриядағы креативтілік пен инновациялар
- Әлеуетті кәсіпкерлердің кәсіпкерлік ниеті
- Шығармашылық салаларда сандық технологиялар мен интернетті пайдалану
- Кәсіпкерлікке оқыту және білім беру
- Креативті индустрия фирмаларының интернационализациясы
- Қолөнер секторы және мұраларды басқару
- Кәсіпкерлік, шығармашылық және тұрақты даму
- COVID-19 індетінің креативті индустрия мен шағын бизнеске әсері
Конференцияны өткізу тілі – ағылшын тілі.
Конференцияның өткізілу күндері – 9-10 қыркүйек 2020 жыл. Конференция Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Қосымша ақпарат біздің сайтта жарияланады.
Мақалаларды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2020 жылдың 30 маусымға дейін.
Конференцияға қатысушыларды тіркеу және қатысу үшін төлем алынбайды.
Іріктелген мақалалар Service Industries Journal (SSCI Indexed Journal https://www.tandfonline.com/loi/fsij20) журналында жариялау мүмкіндігі қаралатын болады. Конференцияға қатысу жарияланым кепілдігін білдірмейді. Қатысушылар өз жұмыстарын жариялау талаптарына сәйкес келтіру мақсатында зерттеу идеяларын одан әрі жетілдіру үшін жіберілген мақалалар бойынша кері байланыс алады.
Баяндамамен сөз сөйлеу регламенті – 15 минут. Конференцияға келе алмайтын қатысушыларға онлайн қосылып баяндама оқуға мүмкіндік беріледі.
Конференция ұйымдастырушылары
Профессор Левент Алтынай, Оксфорд Брукса Университеті
Доктор Эндрит Кромида, Бирмингем Университеті
Доктор Армияш Нурмагамбетова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Мақаланы рәсімдеу талаптарын жүктеу
Конференцияға тіркелу өтініші
[contact-form-7 id=”10148″ title=”Register for conference Silk Road_kz”]