Creotalents жобасының командасы «Жасампаз Орталық Азия» форумына қатысты
2019 жылдың 22-23 қарашасында Creotalents жобасының Қазақстандағы жетекшісі Армияш Нурмагамбетова Британ Кеңесі Ташкентте ұйымдастырған «Жасампаз Орталық Азия» жыл сайынғы форумына қатысты.
«Жасампаз Орталық Азия» Ұлыбритания мен өңірдің креативті және мәдени көшбасшыларының диалогы үшін креативті экономика идеясын ілгерілету мақсатында платформа құруға арналған Орталық Азия елдерінде Британ Кеңесі ұйымдастыратын жыл сайынғы іс-шара.
Осы жылдың тақырыптары:
БЕЛСЕНДІ ЖӘНЕ ЫҚПАЛДЫ СЕКТОР БОЛУ МАҚСАТЫНДА ӨЗ-ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРА АЛАМЫЗ:
* Қауымдастық ретінде «байланыста болу»
* Өз аудиториямызды және клиенттік базаны құру
* Креативті қалалар үшін қоғамдық кеңістікті дамыту
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯЛАР ҮШІН ДАҒДЫЛАР:
* Креативті экономика үшін бизнес-модельдер және бизнес-білім
* Шығармашылық кәсіпкерлерге арналған дағдылар /сандық кәсіпкерлік
* Мәдени менеджмент
* Креативті индустриялар үшін техникалық білім (орта кәсіптік білім).
«Шығармашылық кәсіпкерлерге арналған дағдылар» сессиясында талқылау аясында Creative Spark бағдарламасы Creotalents жобасының үйлестірушісі Армияш Нурмагамбетова іске асырылып жатқан Creative Spark бағдарламасы бойынша бірлескен жоба туралы презентация жасады. Ол бірінші жыл ішінде жоба аясында ЕҰУ базасында құрылған платформаны ұсынды, тыңдаушылардың түрлі топтарының мүдделері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, курс материалдарының қалай жасалғанын, жобаның гендерлік теңдігі мен әлеуметтік құрамы, ағылшын тілін оқытудың рөлі мен маңыздылығы туралы атап өтті.
Жыл сайынғы форум тәжірибе алмасу алаңы, жаңа байланыстар алу мүмкіндігі, жалпы проблемаларды шешу және экономиканың креативті секторын жақсарту жөніндегі ұсыныстар алаңы болып табылады. Форумда креативті индустрияда кәсіпкерлікті дамыту идеяларын оқытуда және ілгерілетуде білім беру мекемелерінің рөліне үлкен мән беріледі.