Creotalents жобасы бойынша қорытынды
Құрметті достар,
Creotalents жобасының командасы (Л.Н. Гумилев ЕНУ CACTLE кәсіпкерлік орталығы, Бирмингем университеті (Ұлыбритания) және Оксфорд Брукс университеті (Ұлыбритания)) Қазақстанның креативті индустриясының негізгі мүдделі тараптарымен семинар ұйымдастырды (2019 ж. 15 сәуір). Мазмұнды баяндамалар мен талқылаулар Қазақстанда осы саладағы саясатты әзірлеу үшін нақты бағыттарды анықтауға көмектесетін бірқатар қорытындыларды тұжырымдауға мүмкіндік берді.
Стратегиялық көрініс
- Шығармашылық салаларда әлеуетті дамыту үкімет пен жеке сектордың, кәсіпкерлердің, ғалымдар мен студенттердің, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың өкілдерін қоса алғанда, түрлі мүдделі тараптардың қатысуымен біртұтас, бірлескен және ұжымдық тәсілді талап етеді.
- Креативті индустрия фрагменттік сипатқа ие; олар түрлі секторлардан тұрады. Өңірде шығармашылық салалардың даму әлеуеті қандай екенін анықтау қажет. Нақты бағытты айқындау шығармашылық салаларды дамытуға ресурстарды (адами, қаржылық, әлеуметтік/мәдени) тиімді бағыттауға және басқаруға көмектеседі. Бұл сондай-ақ креативті индустрияны басқаруға көмектеседі.
- Өңір креативті индустриялар үшін өзінің ағымдағы және әлеуетті нарықтарын айқындау қажет; жергілікті нарық креативті индустрияларды дамытудың ерте кезеңдерінде көмектесе алады. Алайда ұзақ мерзімді болашақта шығармашылық салалардың экспорттық әлеуетін қарастыру және дамыту керек. Мысалы, біз Еуразиялық экономикалық одақты креативті индустриялар үшін әлеуетті нарық ретінде анықтадық.
- Өңірде экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени аспектілер ескерілуі тиіс шығармашылық салалардың тұтас көрінісін әзірлеу қажет. Бұл жаңа идеяларды генерациялау, ұжымдық меншік және инновацияларды тарату үшін қоғам орталығына қойар еді.
- Шығармашылық салалар мен кәсіпкерлік қоғамның әртүрлі топтарының, атап айтқанда әйелдер мен жастардың мүмкіндіктерін кеңейте алады. Бұл өз кезегінде жұмыспен қамту деңгейін арттырады, сондай-ақ өңірлік экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
- Өңір өзінің білім беру жүйесіне (яғни мектепке дейінгі білім беру, сондай-ақ жоғары білім беру) «креативтілікті» енгізу арқылы креативті салаларда өз әлеуетін толық көлемде пайдалана алар еді. Бұл қазіргі мәдениетке ықпал етіп, ел үшін «шығармашылықтың» жаңа мәдениетін дамытуға септігін тигізер еді.
Біз саясаткерлер, тәжірибелі мамандар, шағын бизнес қауымдастықтары, кәсіпкерлер мен қоғамдастықты қоса алғанда, түрлі мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтасып, «шығармашылық идеялар құруға» ұмтыламыз. Сондықтан, осы құжатты одан әрі қалыптастыруға көмектесу үшін өзіңіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды жіберсеңіз ризашылығымызды білдіреміз.
Профессор Левент Алтынай, д-р Эндрит Кромида және д-р Армияш Нурмагамбетова
Creative Spark Creotalents Командасы