Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның British Council қаржыландыратын Creative Spark бағдарламасындағы серіктестігі
2019 жылы 29 қаңтарда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Сәулет-құрылыс факультетінде ашық ректорат отырысы өтті. Күн тәртібіндегі сұрақтардың бірі – CACTLE кәсіпкерлік орталығының жетекшісі Армияш Нұрмағамбетованың «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның British Council қаржыландыратын Creative Spark бағдарламасындағы серіктестігі» тақырыбындағы баяндамасы.
2018 жылдың қараша айынан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Creative Spark бағдарламасының серіктесі болып табылады. Аталмыш бағдарлама жоғары оқу орындарында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
CREOTALENTS жобасы Бирмингем университетінің (Ұлыбритания), Оксфорд Брукс университетінің (Ұлыбритания) және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кәсіпкерлік пен халықаралық бизнес саласындағы академиялық мамандардың қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
Жоба нақты өмірде идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлік негіздерінен тәжірибеге өту үшін краудфандинг пен виртуалды қолдаумен бірге күндізгі, онлайн және тәлімгерлік іс-шараларды үйлестіретін инновациялық аралас оқу тәжірибесін ұсынатын болады.
Creative Spark бағдарламасы аясында Британдық Кеңес ағылшын тілін оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оның ішінде English channel сайтындағы оқыту платформалары, кәсіпкерлерге ағылшын тілін үйренуге арналған онлайн мен жаппай ашық курстарды қамтитын жаңа сандық материалдар сериясы. Онлайн курстарды Британдық Кеңес грант есебінен ЕҰУ СҚФ-нің 100-ден студентттері астам өтеді.
2019 ж. қаңтар-маусым айлары аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ негізінде студенттерді, академиялық ортаны және креативті салада жұмыс істейтін тұлғаларды тарту арқылы тренинг пен семинарлар, хакатон түріндегі бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Жоба командасы Атамекен ҰКП, Даму Қоры және Астана қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, креативті салада жұмыс істейтін бизнес ортаны тарту бойынша қалалық ауқымдағы іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.