Креативті кәсіпкерлік бойынша бейне дәрістер
Коронавирус пандемиясының (COVID-19) дамуына байланысты бүкіл әлем қашықтықтан оқытуға көшуде. Creotalents жобасының командасы да студенттерге, жас кәсіпкерлерге және креативті индустрияда жұмыс істейтін барлық қатысушыларға доктор Эндрит Кромида (Бирмингем университеті, Ұлыбритания) дайындаған екі жаңа дәріс ұсынады.
1 дәріс. Креативті кәсіпкерлік
2 дәріс. Сандық маркетинг
Сізге ыңғайлы болу үшін бейне субтитрлерді ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде таңдай аласыз.
Субтитрлерді баптау бойынша қысқаша нұсқаулық:
1) субтитрлерді қосу үшін, CC белгішесін басыңыз .
2) өзгерту үшін ойнатқыштың оң жақ төменгі бұрышындағы баптау белгішесін басып, Субтитрлерді таңдап, Аудару батырмасын басып, қажетті тілді көрсетіңіз.