Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ CACTLE кәсіпкерлік орталығы British Council Creative Spark бағдарламасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде
British Council Creative Spark бағдарламасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде:
2019 жылдың 14-20 маусым аралығында CACTLE кәсіпкерлік орталығының жетекшісі, жоба үйлестірушісі Армияш Нурмагамбетова Солтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерінде ұйымдастырылған British Council Creative Spark бағдарламасы шеңберінде «Орталық Азия серіктестері үшін креативті кәсіпкерліктің әлеуеті және оның халықаралық дамуы» атты халықаралық дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысы Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінде креативті кәсіпкерліктің даму мәселелеріне, экономиканың креативті секторының болашақ дамуы үшін креативті индустрияның білм берумен ықпалдасу қажеттілігі сұрақтарына арналды.
Жоба командасы ұйымдастырған іс-шаралар жобаның ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде де әсерін кеңейтуге мүмкіндік берді. Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына университет қызметкерлері, студенттер, магистранттар, докторанттар, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттардың басшылары қатысты.
Халықаралық дөңгелек үстелдің спикерлері:
- Оксфорд Брукс университетінің профессоры Левент Алтынай «Креативті индустрия және кәсіпкерліктің стратегиялық жаһандық көзқарасы» тақырыбында баяндама жасады. Бирмингем университетінің өкілі.
- доктор Эндрит Кромида «Халықаралық ынтымақтастық және креативті кәсіпкерлік» тақырыбында баяндама жасады.
- «Қазақстанның креативті экономикасы: ең үздік тәжерибе мысалдары» атты баяндамамен Қазақстан Республикасында креативті индустрияны дамыту тәжірибесімен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторы Армияш Нурмагамбетова бөлісті.
2019 ж. 14 маусымында Баку Славян университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Рафик Наврузов дөңгелек үстел жұмысын іс-шараның қонақтары мен қатысушыларына құттықтау сөзімен ашты. Дөңгелек үстел жұмысына Халықаралық қатынастар және аймақтану факультетінің деканы Ширинбек Алиев, аға оқытушы Низами Еседов және Руфат Эфендиев және т.б. қатысты. Сапар соңында жоба командасы университет ректоры Нұрлан Әлиевпен кездесті. Кездесу барысында университет арасындағы жоба аясындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.
2019 ж. 17 маусымында Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінде іс-шараға қатысушыларды: Бекжан Теміров – оқу ісі жөніндегі проректор, Диана Цой – Қырғызстандағы Британ Кеңесінің бағдарлама менеджері, сондай-ақ КЕФ деканының орынбасары Әйгерім Бокоева қарсы алды. Экономика министрлігі Инвестициялық саясат басқармасының Инвестициялық саясат және еркін экономикалық аймақтар бөлімінің меңгерушісі Әлиасқар Тұрғынбаев баяндама жасады, ол кәсіпкерліктің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және Қырғызстандағы кәсіпкерлік қызметті дамытудың басым бағыттары туралы айтты. Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Лариса Марченко қатысушылармен 2021-2023 жылдарға арналған білім беруді дамыту Стратегиясын әзірлеудің негізгі қағидалары туралы баяндамамен бөлісті.
2019 ж. 20 маусымда дөңгелек үстелдің жұмысын проректор Туйчибоев Нозимжон және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Хололла Саттарова ашты. Шығармашылық индустрияның даму жағдайы туралы Ферғана қаласының Суретшілер одағының жетекшісі Любовь Семизорова баяндама жасады. Өз баяндамасында ол өңірдегі креативті индустрияның әлеуеті мен проблемалары туралы айтты. Дизайн кафедрасының меңгерушісі өнер факультеті студенттерінің үздік жұмыстарын ұсынды. Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына Ферғана қаласының қолөнершілері мен кәсіпкерлері қатысты. Бейнелеу өнері және графика факультетінің студенттері халықаралық байқауларда үздік жұмыстарды ұсынды.
All participants noted the need for such events, which will contribute to the development of cooperation and the establishment of an incubator between the business and academic environment, as well as the development and strengthening of international cooperation.